Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нәрестелер аппараттың астында жатыр": Елордадағы ковид орталығындағы балалардың видеосы жарияланды

Елордалық жұқпалы аурулар орталықтарының медицина қызметкерлері ауыр науқастар емделіп жатқан жұқпалы аурулар ауруханаларының видеосымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрларда аппараттың астында жатқан балаларды көруге болады. Олардың барлығы коронавирус жұқтырып ауруханаға жатқызылды.

Бір видеода обаға қарсы костюм киген дәрігерлер нәрестені тамақтандырып, киіндіріп жатқанын көруге болады. Нәресте "қызыл аймақта" жансақтау бөлімінде жатқандықтан, оған тек аурухананың медицина қызметкерлері ғана кіре алатыны атап өтілді.

"Нұр-Сұлтанда соңғы айларда ауруханада ем қабылдап жатқан науқастардың саны 30 еседен астам өсті. Сонымен қатар, ересектерден бөлек, балалар арасында да вирус тез таралуда. Осылайша, ауру көрсеткіші өсіп, реанимация төсектеріне жатқызу көбейді", - делінген хабарламада.

Аурудың ауыр ағымы бар ересек пациенттер тыныс алу жүйесінің қосалқы құрылғыларына қосылады. Дәрігерлер науқастардың артуын жаңа жылдық мерекелермен және Омикрон штаммының пайда болуымен байланыстырады.

"Жаңа жылдан кейін бүкіл елде COVID-19 ауруы айтарлықтай өсті. Күн сайын мыңдаған адам шұғыл медициналық көмекке жүгінеді, күніне жүздеген адам ауруханаға түседі. Бізді пандемиядан тек вакцинация құтқара алады", - деді жоғары санатты инфекционист Сәуле Атығаева.

Талқылау