Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нағима Есқалиеваның ұлы қыздың образында бой көрсетіп, желіні жарды (видео)

Нағима Есқалиеваның ұлы қыздың образында бой көрсетіп, желіні жарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нағима Есқалиеваның ұлы қыздың образында бой көрсетіп, желіні жарды (видео)

Диас Абылаев жаңа бейнебаянында қыздың киімін киіп, өзін жаңа қырынан көрсетті. Әлеуметтік желілерде оның жаңа туындысы жарық көрген болатын. "Боом" әніне арналған клип көрермендердің көңіл-күйін көтеріп тастаған. 

Жаңа музыкалық бейнесінде Абылаев тез әуенге билейтін көңілді қыздың образын ойдағыдай алып шықты. Диастың тек қыз емес, спортшы ер жігітті де жақсы сомдағанын байқауға болады. Бұрын сонды қазақ клипмейкерлері жасап көрмеген тың туындыны халық та жылы қабылдаған сыңайлы. Өйткені бір күннің ішінде бейнебаян 35 мың қаралым жинап үлгерген. 

Шетелдік стильде түсірілген бейнебаянға жұрт пікір білдіріп, ойларын ортаға салған. Тыңдарман қауым жаңа картинаға ерекше баға берді. 

"Өте әсерлі шыққан", "Қыз болса, әдемі болатын еді", "Не туралы айтып жатқанын білмеймін. Әйтеуір энергетикасы қатты екен", "Маған қатты ұнады", "Ол үнемі ерекше болып жүреді", "Оның стилі өзгеше", "Маған бәрі ұнады. Күлкіге қарық болып, көңіл-күйім көтеріліп қалды", "Диастың аяқтары әдемі екен", "Әр адамның өз артықшылығы мен ерекшелігі бар", "Қазақстандық Артур Пиражков", - десті жұрт. 

Айта кетейік, Диас Абылаев - Қазақстанның және КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Нағима Есқалиеваның жалғыз ұлы. 

Талқылау