Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұздың бетіне лақтыруға тура келді": СҚО-да ер адам суға батып кете жаздаған балаларды құтқарып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам мұздай суық өзенге батып кете жаздаған екі баланы құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға Воскресеновка аулында орын алған. 

Владимир Воробьев үйінің ауласында жұмыс істеп жүріп, балалардың көмек сұрап, жанұшыра айқайлаған даусын естіген. 

«Балалардың даусы өзен жақтан шыққан. Бұл кезде алғашық аяздарда өзеннің бетін жұқа мұз қабаты жапқан еді. Ер адам ауладан жүгіріп шығып, жағадан 15 метр жерде мұздың үстінде көрші қыздың тұрғанын көрген. Ал екі кішкентай бала судан шыға алмай, жанталасып, жұқа мұздың шетінен ұстап қалуға тырысып жатқан», - дейді ТЖД-дағылар. 

Владимир еш ойланбастан мұздың бетімен балаларға қарай жүгіріп, оларды құтқаруға асығыпты. Алайда балаларға бірнеше метр жетпей, аяғының астында мұз жарылып кетеді. Осылайша, суға түсіп кеткен ер адам қолымен, кеудесімен мұзды сындырып,алға қарай қозғалуға тырысқан. 

«Бақтарына орай, күртелері су болып үлгермей, ауаға толып, балаларды судың бетінде ұстап тұрды. Мен Женя мен Леняны қатты қысып ұстап алдым», - дейді Владимир Воробьев.

Алайда Владимирдің сөзінше, ең қиыны алда болыпты. Ол балаларға жеткен жердегі судың тереңдігі 3 метрден сәл аз болған. Ал мұз олардың ешқайсысын көтермейді.

«Оларды кезек-кезек мұзға лақтыруға тура келді. Алайда мұз сол бетте-ақ сынып кете берді. Осылайша, жағаға қарай беттеп, әрең дегенде мұз қалыңдау жерге жеттік. Сол жерде бізді әйелім Татьяна күтіп тұрды. Ол балалардың айқайын естігенде менің артымнан жүгіріп шығыпты. Тіпті, киініп үлермеген. Жалаңаяқ болды», - дейді ер адам. 

Мұнан кейін әйелі 8 жасар Евгений мен 10 жасар Леонидті үйіне алып барып, шешіндіріп, денесін ысқылап, жылытып, ата-анасына хабарласады. Бұл кезде екі бала да шок жағдайында болған. Тіпті, анық сөйлей алмапты. Артынша қатты шошыған ата-анасы жүгіріп келіп, балаларын құтқарған жандарға алғыс білдіру үшін сөз таба алмады.

Айта кетсек, 35 жастағы Татьяна және Владимир Воробьевтердің 11, 8 және бір жарым жасар үш баласы бар екен.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Құдыққа құлап қаза тапқан баланың анасы Алтай Күлгіновпен кездесуді армандайды

Ұлдың өліміне кінәлі деп табылған компанияның жетекшісі әйелге көңіл айтпаған

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

"Жетім балаларды шетелге сатуды тоқтатсын!": Әмина қажы қаракөздеріміздің шетел асып кетуіне қарсы шықты

Әмина қажы: Шетелде дені сау қара домалақтарымызды арам пиғылда пайдаланбауына кім кепіл?!

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда
Çàãðóçêà...