Мұрын сүйектері сынды: Алматы облысында жаттықтырушы ер баланы ұрып жіберген

Алматы облысында бокс жаттықтырушысы 16 жастағы оқушыға қол көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

26 қаңтарда Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне мұрын сүйектерінің сынуы диагнозымен ауруханаға түскен жасөспірім туралы хабарлама келіп түсті.



Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа орташа ауырлықтағы қасақана зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен жәбірленушінің 34 жастағы жаттықтырушысын ұстады. Жаттықтырушының сөзінше, жаттығу залын тазалау кезінде оның жанына шәкірттері мен оның досы келіп, дөрекі сөйлей бастаған. Содан кейін жаттықтырушы шыдай алмай, оның бетінен ұрып жіберген. 201 бапқа сәйкес басқа мәліметтер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша, тергеу мүддесі үшін жариялануға жатпайды", - деді Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының басшысы Талғат Сейілханов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр