Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұрын бітеліп, таңдай мен тамақ қышиды": Алматылықтар аллергия белгілеріне жаппай шағымдануда

Алматы дәрігерлері аллергияның өршуігенін айтып, дабыл қақты. Айтуларына қалада үнемі түшкіретін және жөтелетін адамдардың саны күрт өсті. Көптеген адамдар қышу, қызару, ісіну және тыныс алудың қиындауына шағымданып жатыр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бірнеше күннің ішінде аллергологтарға келушілердің саны екі есеге артқан. Назарбек Әуесхан бұл дерттен сегіз жылдан бері зардап шегуде. 

"Басында тек мұрынның бітелуі мен тамақта аздап жөтел сияқты болды. Бірақ кейін көздерім қатты қызарып, таңдайым қыши бастады. Бұл менде аллергияның типтік белгілері. Достарымнан сұрап көріп едім, оларда да кенеттен осындай белгілер пайда болыпты.", — деп атап өтті ол.

Ал Шынар Әбзелбек созылмалы аллергиямен мүлде ауырмаған. Бірақ соңғы уақыттарда денсаулығында қиындықтар басталған. Серуендеу кезінде ол үнемі түшкіреді. 

“Шамамен екі апта бұрын менде үздіксіз түшкіру басталды. Сыртқа шықсам асқынады. Ғимаратта отырған кезде мұндайды байқамайсың тыныш отырасың. Сыртқа шыққанда бірден реакция пайда болады. Көздерім қышып, мұрным бітеледі. Енді әрі қарай тыныс алу қиын болып жатыр”, – деді Шынар Әбзелбек.

Алматылық аллергологтар науқастардың көптігінен үлгермеуде. Бір апта ішінде аурулардың саны екі есеге артқан. Мамандардың айтуынша аллергиялық реакцияларды көбіне арамшөптер қоздырады. Олар әдетте тамызға дейін гүлдейді. Бірақ биыл гүлдеу кешіккен.

“Біздің елде, әсіресе, біздің қалада, тозаңдық аллергияның негізгі себебі арамшөптер – полынь және амброзия. Олардың гүлдеу уақыты тамыз-қыркүйек айларында. Бірақ биылғы жылы ерекше жаз болды. Шілде суық болды. Сондықтан гүлдену кезі маусым тамыздың соңына тіпті қыркүйекке ығысып отыр”, – деді аллерголог дәрігерТеміржан Нұрпеисов.



Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда аллергия қаладағы халықтың шамамен жартысында байқалады. Стандартты белгілерге мұрын бітелуі, түшкіру, қышу және көздің қызаруы жатады. Жиі аллергиямен ауыратындар жөтел, тамақ қышуы және тыныс алудың бұзылуы секілді белгілермен келеді.

Алматыда аллергияның өршуі басталғаннан бері дәрігерлерге ерін, қабақтың ісінуі және астма ұстамаларымен көптеген адамдар жүгінуде. 

“Қазіргі уақытта көптеген науқастар маусымдық аллергиясының ауыр, кешіккен ағымына шағымдануда. Өз бетінше емделуді мүлдем ұсынбаймын. Алайда дәрігерге барғанша немесе жедел жәрдемнің келуін күткен кезе ескі жақсы антигистамин дәрілерін қабылдауға болады”, – деді аллерголог дәрігер.

Дәрігердің кеңесінсіз дәрі қабылдау қатаң тыйым салынған. Әйтпесе, басқа органдардың аурулары пайда болуы мүмкін. 

Талқылау