Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұнай мен газға баймыз, халық неге кедей": Алматыда митингке шыққандар қандай талаптар ұсынды

Бүгін Алматыда Қазақстанның демократиялық партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың көшбасшысы, журналист және белсенді Жанболат Мамай бастаған бірнеше ондаған адам Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында митингке шығып, билікке өз талаптарын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Митингке жиналған халық несие амнистиясын жариялауды, шетелдіктерге жерді сатуға, оны жалға беруге жол бермеуді, белсенді Макс Бокаев пен "басқа да саяси тұтқындарды" түрмеден босатуды, сондай-ақ тұтқындалған белсенді Әлнур Ильяшевті босатуды талап етеді. Мамай бастаған топ талаптарын және басқа да жиналыстың қатысушылары микрофонға айтып өтті.

"Қазақстан" қонақ үйі ғимаратына қарама-қарсы жиналғандардың қолында Қазақстанның плакаттары мен жалаушалары бар. Олардың ішінде "Мұнай мен газға баймыз, халық неге кедей?", "Несие борыштан құтылуды талап етеміз!", "Үкімет тыңда, несиелік амнистия жарияла!" деген жазбалары бар плакаттар кездеседі. Жиналғандар "Халыққа несиелік амнистия жариялансын!" "Жер ананы сатпаймыз!" деген лозунгтармен шықты. 

"Биліктің карантин деп айтып отырғаны бос сөз. Пандемияға қарамастан, АҚШ-та, Францияда, Германияда митингтер өтіп жатыр", - дейді Жанболат Мамай.

Ол талаптарының анық екенін айтады.

"Үш түрлі талап қойып отырмыз. Біріншіден, халыққа несиелік амнистия керек деп отырмыз. Экономикалық дағдарыстың тұсында халыққа көмек көрсетілсін деген талап қойдық.

Екіншіден, 2021 жылдан бастап Жерді шетелдіктерге беру туралы мораторий аяқталады. Мораторий аяқталған соң жерімізден айырылып қалуымыз мүмкін.

Содан кейін, саяси тұтқындар мен белсенділерді босатуды сұраймыз", - дейді ол сөзінде.

Оқиға орнына келген Алматы қаласы прокурорының орынбасары Мұрат Тілеубердиев жиналғандарға митингтің заңсыз екенін мәлімдеді. Жиналғандарды полицияның арнайы бөлімшесінің қызметкерлері қоршады. 

Митингке Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров та келді. Журналистердің адамдардың қозғалысына не себепті шектеу қойылған деген сұрағына: "Бұл қауіпсіздік шаралары" деп мәлімдеді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр