Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Жәкішев босатылуы мүмкін: сот келесі аптада шешім шығарады

«Қазатомөнеркәсібінің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев өзін мерзімнен бұрын шартты түрде босатуды сұрады. Өтініштің қанағаттандырылып-қанағаттандырылмайтынын келесі аптада білетін боламыз – сот 24 шілдеде Семей қаласында өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мұхтар Жәкішев

"УДОмен босататын уақыт әбден келді деп санаймын. Сондықтан мен бұл кісіге моралдік қолдау білдіру үшін сол сотқа барайын деп отырмын" – деп жазды Мұхтар Тайжан өзінің Facebook парақшасында. 

Соңғы рет сот 2018 жылдың қараша айында Жәкішевтің мерзімнен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған болатын. 2010 жылдың наурыз айында Жәкішев пара алып, оны жұмсағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол қауіпсіздігі жоғары колонияға 14 жылға қамалды.

Естеріңізге сала кетсек, сотталған Мұхтар Жәкішевтің анасының дүниеден озғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау