Мұғалімдерге зейнетке ерте шығуға рұқсат беріле ме? Білім министрі пікір білдірді

Қазақстанның білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова үкіметтің баспасөз конференциясында "Мұғалімдердің мәртебесі туралы" заңның жобасы тамыз айында парламент қарауына жіберіледі деп жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Мұғалімдерге зейнетке ерте шығуға рұқсат беріле ме? Білім министрі пікір білдірді

Министрдің сөзінше, заң жобасы педагогтар мен депутаттар арасында қызығушылық тудырған. Оған қатысты айтылған сындар да жоқ емес. Сондықтан ол мәжіліс қарауына тамыз айынан ерте берілмейді, дейді ол.

Сонымен қатар Шәмшидинова мұғалімдердің зейнетке шығу мәселесіне қатысты да пікір білдірді. 

"Зейнеткерлік жасына келер болсақ, зейнет мәселесі еліміздің зейнеткерлік туралы заңымен қаралады. Мұғалімдік азаматтық қызметкерлер санатына кіреді. Сондықтан бұл мәселе барлығымен бірдей қаралады.

Бүгінгі таңда зейнет мәселесін өзге қырынан көтерейін деп отырмыз. Егер адам педагогикалық ЖОО-ны тәмамдаса және бірден мектепке жұмыс істеуге келіп, мектепте үздіксіз жұмыс істесе, мұндай жағдайда зейнетке шығатын кезде педагогикалық ЖОО-да оқу оқыған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Бірге есептеледі", - дейді еліміздің бас ұстазы.

Өз сөзінде білім және ғылым министрі аталған мәселенің орталық мемлекеттік органдармен талқыланып жатқанын атап өтті. 

Еске сала кетсек, бұған дейін 30 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдерге зейнетке ерте шығуға рұқсат беру туралы ұсыныс тасталған еді.
 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Өлімнің себебі айтылмады

50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

Қазіргі уақытты 3 полиция қызметкері күдіктеліп отыр

Спортшылар қанша табыс табады: Хабиб Дастин Порьемен жекпе-жек өткізеді

Айқас Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек

Ерлі-зайыпты көлден екі аузы бар балық аулады

Олар балықты суретке түсірген соң қайта суға жібере салды

Суға батқан қыздың әруағы жүреді: Қуыршақтардан тұратын әлемдегі ең қорқынышты мекен анықталды

Аңыз бойынша, аралда өмір сүрген адам суға батқан қызды құтқара алмаған

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Сапарбаев: 300 мың жалақы алатындар құжатқа 40 мың жалақы аламыз деп көрсетеді

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр

Жәкішевтің апелляциялық сот отырысын тағы да кейінге қалдырды

Бұған дейін апелляциялық сот 27 тамызға ауыстырылған еді

"Парашют ашылмай қалды": Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери қызметкер көз жұмды

Әскери қызметкер қосымша парашютті қолданбаған
Çàãðóçêà...