"Мүмкін 38 жасымда шығамын": Канело мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Мексикалық бокс супержұлдызы Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) мансабын аяқтау туралы ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Канело әзірге мансабын аяқтағысы келмейді.
"Қашан зейнетке шығамын дейсіз бе?.. Білмеймін... Бірақ сол күнге жақындап келе жатқаным көрініп тұр. Соған қарамастан мен өзімді керемет сезінемін. Тіпті бұрынғыдан да жақсы сезінемін дер едім. Мүмкін 38 жаста зейнетке шығамын. Менің ойымша, 38 жаста сол туралы ойлану керек деп санаймын. Оның үстіне қиын жекпе-жектерім көп болды. Көптеген айқастың алдын алуға болатын еді. Бірақ осылай болды, мен бүкіл мансабымды тәуекелге бел будым”, – деді ол.
Канело бокстан әлі де ләззат алатынын айтады.
"Мен қиындықтарды жақсы көремін. Мен өз ісімді ұнатамын. Өзімнің қаншалықты мықты екенімді көрсеткім келеді. Салмақ қуған да ұнайды. Менің рекордыма қарап, “мен бәрін істеп қойдым” деп ойламаймын, бірақ бапкер соны айтып жігерлендіреді”, – деді боксшы.
