Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедектердің тойда өнер көрсетуіне қарсы болды: Жан Ахмадиевтың басы тағы дауға қалды

Жезөкшелермен күресемін деп өзінің жарын қамшының астына алған Жан Ахмадиевтың басы тағы да дауға қалды. Ахмадиев өзінің Инстаграм парақшасында мүгедек жандарға ән айтқызуға қарсы екендігін айтыпты. Айтып, жазып қана қоймай қызылордалықтарға жақсы таныс Бақдәулет Әбділдәұлының суреттері мен видеосын жариялаған. Алайда, оның осы постынан кейін бірінші топтың мүгедегі Бақдәулет өзін рэпермын деп жүрген Жан Ахмадиевты заң алдында жауапқа тартпақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Мүгедектердің тойда өнер көрсетуіне қарсы болды: Жан Ахмадиевтың басы тағы дауға қалды

Бала күнінен әнші болуды армандаған  Бақдәулет 9 сыныпта оқып жүргенінде жол апатына түсіп, мүгедек болып қалған. Арбаға таңылса да арманынан бас тартпайды. Сахна мен тойға шығып ән айтуын жалғастырады. Алайда, Жан Ахмадиев парақшасында көшеде өтірік қайыр сұрап жүрген азаматты төмпештеп тастағанын айтып, жазба қалдырған. Постының соңында мүгедек жандардың тойда өнер көрсетуін тоқтату керек деп, Бақдәулеттің фотолары бар видео салыпты. 

«Продюсер сымақтар тойға алып шығып, табақпен артынан ақша жинап жүреді деп жазған. Мен тойға шыққанның өзінде тек туыстарымның тойларында өнер көрсетем. Тойға шыққанда табақ қою деген секілді ешнарсе болмайды. Осындай арбада отырып танымал әншілермен өлең айтқан мен ғанамын. Бұған дейін Ернар Айдармен бірге дуэт болып ән шырқағанбыз. Оны да тигізіп жазыпты», -  деді Бақдәулет Әбділдә.

Видеоны көргеннен кейін Бақдәулеттің қан қысымы көтеріліп ауырып қалған. Ешкіммен сөйлеспейтін болыпты. 

Ахмадиевтың өзі болса аталған видеоны желіге жариялап, артынша өшіріп тастапты. Оның айтуынша, Инстаграм парақшасын өзі жүргізбейді. Орын алған жағдай үшін жаны ауырып, жүрегі езіліп жүрген көрінеді. 

«Жеке басына тиіп кететіндей сөздер айтқан болсам кешірім сұраймын. Негізі, өзім бұндайға жоламайтын адам едім. Дін мен бұл тақырыпты қозғамауға тырысамын. Бірінші рет жаздым, бірінші рет басым бәлеге қалып отыр», - дейді Жан Ахмадиев.

Алайда, Бақдәулет рэпер Жан Ахмадиевтің кешірім сұрағысы келетіндігіне сенгісі жоқ. Сөзінше, Ахмадиев бір ретте хабарласпаған. Енді ол әншінің «хайп» жасағанын тоқтату үшін заң алдында жауап бергенін қалайды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Құдыққа құлап қаза тапқан баланың анасы Алтай Күлгіновпен кездесуді армандайды

Ұлдың өліміне кінәлі деп табылған компанияның жетекшісі әйелге көңіл айтпаған

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

"Жетім балаларды шетелге сатуды тоқтатсын!": Әмина қажы қаракөздеріміздің шетел асып кетуіне қарсы шықты

Әмина қажы: Шетелде дені сау қара домалақтарымызды арам пиғылда пайдаланбауына кім кепіл?!

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда
Çàãðóçêà...