Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедек жанды арбамен тасыған ит жұртты сүйсіндірді (видео)

Тараз қаласының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіне өзінің мүгедек иесі отырған арбаны итеруге көмектескен итті видеоға түсіріп, таратты, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған бейнежазбада мүгедектерге арналған арбадағы иесін артынан итеріп келе жатқан ит анық байқалады. Бұны көлікте отырған жолаушылардың бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. 

"Міне, Таразда овчарка иті өзінің мүгедек иесін сүйреп барады", - дейді видео авторы.

Instagram желісінің қолданушылары иттің бұл қылығына сүйсініп, таңқаласып жазба қалдырып жатыр. Видеоның астында "ит адамның досы ғой", "жануарларды аялайық" деген сынды жазбалар кездеседі.

 

Талқылау