Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мойындаймын": Баян Алагөзова қартайғаны туралы

Баян Алагөзова қартайғанын мойындап жазба қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі проюсер Баян Алагөзова желідегі парақшаларының бірінде жаздық демалысының көрінісін жүктеп, біраз жасқа келіп қалғаны туралы ашық жазған. Суға түсетін киіммен тұрған суретін жүктеген ол енді мұндай суреттерін жұртқа жарияламайтынын айтты. Осылайша продюсер қартайғанын мойындаған.

"Суға түсетін киіммен жүрген соңғы бейнем. Келесі жылы күтпеңіздер. Қартайдым, мойындаймын", - деп жазды Баян Алагөзова.

Бұны көрген желідегі жұрт та қалыс қалмай, пікірлерін жарыса жазды. Бір қызығы бұл суретке жағымсыз пікір жазғандардың қатары аз болды. 

"Ештеңесі жоқ. 50 жас емес, 60 жасқа дейін осылай жүрсеңіз де болады", "Қартайғаны несі, әлі жассыз ғой", "Әлі өте әдемісіз", "Сіздің қарттықпен қашықтығыңыз менің марспен қашықтығыма тең", - деп жазды олар.

Алайда продюсер, ертесі күні суға түсетін киім киген суретін жариялаған. Соған қарағанда Баян Мақсатқызы жұртқа берген сөзінде тұрмаған сыңайлы.

"Балерина емессің, бірақ болғың келеді. Кеше соңғы рет купальникпен шыққаным деп жазған едім. Бірақ ойымнан айнып қалдым. Қартайдым, алжыдым, құтырдым, қудым", - деп жазды Баян Алагөзова.

Талқылау