Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін растап, болжамды «жағымды» деңгейіне дейін жақсартты 

"Moody's" халықаралық рейтингтік агенттігі "Банк ЦентрКредит" АҚ рейтингін халықаралық шкала бойынша растады. Сонымен қатар ұлттық шкала бойынша банк депозиттері бойынша ұзақмерзімді рейтингін және CRR ұзақмерзімді рейтингін көтерді. Болжам жақсарту жағына қарай қайта қарастырылып, "тұрақты" деңгейінен "жағымды" деңгейіне жоғарылатылды.

bank

Агенттік аналитиктерінің пікірінше, халықаралық рейтингтер бойынша ЦКБ-нің жағымды болжамы және ұлттық шкала бойынша рейтингтерінің жоғарылауы ЦКБ активтері сапасының және резерв құруға дейінгі кірістілігінің жақсарғанын көрсетеді. Бұл Moody’s болжамы бойынша келесі 12-18 ай ішінде жалғасып, банктің шығыстарды абсорбциялау қабілетін сақтайды.

Рейтингтерді растау және болжамның жақсаруы жөнінде ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов келесідей пікір білдірді: "Жағымды рейтингтік іс-әрекет бағытты дұрыс таңдағандығымыздың және банк іске асырып жатқан даму стратегиясының тиімділігінің дәлелі болып табылады. ЦентрКредит Банкі әмбебап бизнес-моделі бар тұрақты қаржы институты болған және болады да, бұл ЦКБ-ні әртүрлі санаттағы клиенттер үшін сенімді серіктес етеді. Біз әрі қарай да негізгі қаржы көрсеткіштерін жақсартып, бизнес-процестерді жетілдіруге және серіктестеріміздің дамуына көмектесуге ниеттіміз".

Ұлттық шкала бойынша ЦКБ рейтингінің жоғарылауы банк активтері сапасының және оның резерв құруға дейінгі кірістілігінің жақсара түскенін көрсетеді. Аудит жүргізілмеген қаржы есептілігіне сәйкес мерзімінен кешіктірілген кредиттердің үлесі (1+ ЗТ үшін және 90+ бөлшекті бизнес үшін) 2018 жылдың соңындағы 22,8%-дан 30.09.2019 ж. жай-күйі бойынша 13,0%-ға дейін төмендеген.

01.10.2018 ж. – 01.10.2019 ж. кезең үшін ЦКБ-нің қаржы көрсеткіштерінің динамикасы:

•    Таза кіріс - 9,0 млрд теңгені құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 19% құрады;
•    Провизияға дейінгі таза пайыздық кіріс - 64%-ға өсіп, 46,5 млрд теңгені құрады;
•    Провизия құруға шығыстарды есептен шығарғаннан кейінгі таза пайыздық кіріс - 166%-ға ұлғайып, 19,6 млрд теңгені құрады;
•    Таза пайыздық маржа (NIM) - аннуализацияланған мәнде 4,3 %-құрады, бұл көрсеткіш 2018 жылдың қорытындысы бойынша 3,2 % болған;
•    Капитал рентабельділігі (ROAE) - 9,4%-дан 10,6%-ға өсті.

Банктің таза пайдасы 2019 жылғы 9 ай ішінде 9,0 млрд теңгені құрады, 2018 жылғы сондай кезеңмен салыстырғанда 19%-ға ұлғайды. Таза пайданың өсуіне банктің кірістілігі жоғары сегменттерде кредиттеуді арттыруы негіз болған. 

01.10.2019 ж. жай-күйі бойынша 90 күннен аса уақытқа мерзімінен кешіктірілген төлемдері бар жұмыс істемейтін қарыздар (NPL) үлесі ҚР ҰБ әдістемесіне сәйкес 6,74%-ды құрады, ал ХҚЕС сәйкес құрылған резервтермен өтеу коэффициенті 134,3% құрады. Бұл көрсеткіштер активтер сапасын жақсарту бойынша банк жүргізіп жатқан іс-шаралардың тиімділігін көрсетеді. 

Таза пайыздық маржа өткен 9 ай ішінде 4,3 % (аннуализацияланған) құрады. Осы көрсеткіштің ұлғаюына кірістілігі жоғары сегменттерде кредиттеу көлемінің артуы, сондай-ақ банктің пайыздық шығыстарының қысқаруы негіз болған. 

CIR көрсеткіші (шығыстардың кірістерге қатынасы) 2019 жылғы 9 ай үшін 42,1%-ды құрады, банктің пайыздық кірісінің өсуі аясында көрсеткіштің 2018 жылғы сәйкес кезеңдегі 42,8%-дан жақсарғаны байқалады. 

Банктің активтері жылдың басынан аз ғана 3%-ға қысқарды, негізгі төмендеу бағалы қағаздар портфелі мен банктің қарыз алушыларын қаржыландыруға бағытталған корреспонденттік шоттардағы қаражаттар аясында байқалады. Бұл ретте осы жылы несиелік портфель өсімі активтердің сапасын жақсарту бойынша іс-шаралармен нивелирленді. 

Банктің меншікті капиталы 12%-ға ұлғайып, 120,0 млрд теңгені құрады. Капиталдың ұлғаюына ағымдағы кезеңде бөлінбеген пайданың өсімі, сондай-ақ акционерлер тарапынан жүргізілген қосымша капиталдандыру негіз болған. 

2019 жылдың басынан бастап Банк халықаралық қаржы институттарының бірқатар марапаттарына ие болды. 

ЦентрКредит Банкі "Ең белсенді банк" номинациясы бойынша Refinitiv марапатына ие болды. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша ЦКБ Еуропалық қайта құру және даму банкінен Сауда-саттықты дамытуға көмектесу бағдарламасының аясында "Most Active Issuing Bank in 2018 in KAZAKHSTAN" ("Қазақстандағы 2018 жылғы ең белсенді шығарушы банк") марапатын алды. 

Citibank, (New York, USA) және Deutsche Bank (Frankfurt, Germany) еуромен және АҚШ долларымен жүргізілетін төлемдерді өңдеудің жоғары сапасы үшін ЦентрКредит Банкіне "US Dollar Payments Straight-Through Processing Excellence Award" және "2018 EUR Operational Excellence Award" естелік белгілерін берді.

Сондай-ақ ЦентрКредит Банкі 2019 жылы "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ бағдарламаларын іске асыруда көшбасшылардың бірі болып танылды.

ЦКБ ДАМУ қорынан "Ең жылдам банк" номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.

"Банк ЦентрКредит" АҚ және "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қолданбалы бағдарламалық интерфейсті (API) пайдалануды бірлесіп дамыту және ЦКБ-нің API технологиясын қаржы технологиялары нарығындағы ойыншыларға ашу үшін өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. 

2019 жылғы қазанда ЦентрКредит Банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі тәуекелдерге қатысу бойынша шекті келісімге қол қойды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігерлер жүрегі 6 сағат тоқтап қалған науқасты аман алып қалды

Дәрігер: Адам суық жерде қалып денесі жаурап қалса, жүрегі қайта соғу мүмкіндігі бар

«Дәрігерлер қуығымды жарып жіберді»: Ардақ Балажанованың шашы қайғыдан бір айдың ішінде ағарып кеткен

"Маңдай шашым бір айдың ішінде ағарып кетті"

Өз баласын жерлеуге келген ер адам бейіт басынан тірі сәби тауып алған

Жас сәби құмыраның ішінде болған

Депутат зейнетақы жинағын қазақстандықтардың бәрі ала алмайтыны айтып қынжылды

Жамалов: Тұрғын үй немесе білім алу үшін жинақталған зейнетақы бәріне берілмейді

Ұлттық экономика министрі: "Жұмысшыларға арналған төлемдер бір жүйеге біріктірілетін болады"

Министр жаңа бастамалар ел экономикасына өз пайдасын тигізетін болатын жеткізді

2020 жылы 4 баладан көп отбасына жәрдемақы қалай төленеді

Квартал сайын мекен-жай бойынша көмек көрсетіледі

Сауыншылар азайып жатыр: Еңбек министрлігі жәрдемақының кері тұстарын айтты

Нұрымбетов: Адамдар жәрдемақы алу үшін жұмыс істеуден бас тартады

"Күтіп баптауға 50 миллион теңге кетеді": Қостанай облысының әкімі өзінің 14 таңдаулы жекежайда тұруы жайлы сөз қозғады

Айтуынша, ол жекежайда орналасқан бір үйде ғана тұрады екен

Ақтауда 1 жасар баланың көз жұмуы: Бүлдіршін қайғылы оқиға болған үйге сол күні бірінші рет келген

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мәлімдеді

«Әншілігінен гөрі актерлігі ұнайды»: Айқын Төлепберген фильмінің басты рөліне екінші әйелін түсіреді

"Оны режиссерлер де байқады"
Çàãðóçêà...