Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Митингілер, төңкерістер, арандатушылардан қорқамын: Алматыдағы митингіде не туралы айтылды (видео)

Бүгін Nur Otan партиясының алматылық филиалы бейбіт митинг өткізді. Арандатуларға қарсы митингіде сөз сөйлеген танымал тұлғалар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Митингілерден, төңкерістерден, арандатушылардан қорқамын: Алматыдағы митингіде не туралы айтылды (видео)

Митингіде ел алдында сөз сөйлегендердің ішінде Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ислам Байрамуков болды. 

«Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бүкіл әлемге саяси, мәдени, әлеуметтік және спорт жағынан танымал болды. Соған өзімнің аз да болса үлес қосқанымды құрмет тұтамын. Неге десеңіздер, біздің спортышлар бүкіл әлемге елімізді танытты. Еліміз әлемдік деңгейде көптеген іс-шара атқарды. Оның бәрі біздің елге артылған үлкен жауапкершілік пен құрмет», - дейді Байрамуков.

Спортшы елімізде 120-дан аса ұлт және діни конфессия өкілдерінің ауызбіршілікте, тыныштық пен тұрақтылықта өмір сүріп жатқанын айтты. 

«Осы айрандай ұйыған ынтымақ, құт-берекемізді сақтау керек. «Қолда бардың қадірі жоқ» деген сөз бар. Бүгінгімізді қадірлейік. Қоғам болғаннан кейін, кейде кемшіліктер болады. Арыста болған жағдайды бәріңіз білесіздер. Сол кезде ел азаматтары бір жағадан ба, бір жеңнен қол шығарып, көмектесті. Бұл біздің бірлігімізді білдіреді. Жастар бизнеспен айналысамын десе, кәсібін дөңгелетіп, табыс табуда. Оқимын десе, көптеген білім ордаларында білім алуда. Мұның бәрі тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында. Сондықтан жастарды тыныштық пен тәртіп сақтауға шақырамын. Ойнап жүріп отқа түсіп кетпейік», - дейді.

Сондай-ақ белгілі теле және радиожүргізуші Диана Снегина да сөз сөйлеп, елімізде төңкеріс, азаматтық соғыс болғанын қаламайтынын айтты. Мен митингілерден, төңкерістерден, арандатушылардан қатты қорқамын, дейді ол. 

«Мен сіздермен қарапайым мәселелермен бөліскім келеді. Мұнда журналист, блогер емес, әйел, үш баланың анасы ретінде келіп тұрмын. Мен митингілерден, төңкерістерден, арандатушылардан қатты қорқамын. Қазақстан халқын митингілерге, төңкеріс жасауға шақырып жүрген арандатушы еліміздің экономикасына, Арыста болған қайғылы жағдай кезінде де бір тиын да берген емес. Бұл наразылық тудырады», - дейді Снегина.

Өз сөзінде журналист қырғызстандық құрбысының әңгімесінен төңкерістің не екенін жақсы білетінін атап өтті. Ол қазақстандықтарды ауызбіршілікке шақырды.

«Мен Қырғызстанда тұратын құрбымның сөзінен төңкерістің, шектен шыққан топтың не екенін білемін. Ол мұның қаншалықты қорқынышты екенін айтты. Көзі қызарып, ұрандар, идеялар, ар-ұятты ұмытып, Бішкек көшелерінде жүгіріп, жолындағылардың бәрін талқандап, көліктерді аударып тастап, әйнектерді қиратқаны бұл шынымен де өте қорқынышты. Әрине, мен өзім үшін қорықпаймын. Бәріміз балаларымыз үшін қорқамыз. Біз барлығымыз да ұлтаралық араздықтан, ұлтаралық жанжалдан қорқамыз. Бүкіл үміт сіздерде. Бір-бірімізді жақсы көрейікші!

Елбасының саясатының салдарынан ұлтаралық қақтығыс, азаматтық төңкеріс, азаматтық соғыс болған емес. Бұл ең бастысы. Жаңадан сайланған президентіміз Тоқаев осы саясатты жалғастыруда», - дейді теле және радиожүргізуші.

Айта кетсек, бүгін Алматыда Nur Otan партиясы митинг өткізді. Митингіге 2 мыңнан аса адам жиналды. 


Қазақстандық жігіттің митинг өткізу туралы өтініші 35 рет қайтарылды, бірақ ол көздегеніне жетті. Әлнұр Ильяшев деген кім? >>>
Талқылау