Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі күнде митингінің 200 қатысушысы астанадан басқа өңірлерге шығарылды

ІІМ митингіге қатысушалардың неліктен Нұр-Сұлтаннан басқа аймақтарға жеткізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

AltСурет: Владислав Воднев

Санкцияланбаған митингіге қатысқан 200 шақты адам Нұр-Сұлтан қаласынан Ақмола мен Қарағанды облыстарына жеткізілді. ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев мұның бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі және адамдардың бір жерге шоғырланып алмауы үшін жасалғанын айтты. 

"Шамамен екі жүз шақты адамды Ақмола мен Қарағанды облыстарына жеткіздік. Бұл екі күн ішіндегі көрсеткіш. Дәлірек, 9 маусым күні осылай жасадық. Кешегі материалдарды бір тәулік қарауға біздің құқығымыз бар. Біз сол себепті олар жазасын қауіпсіз жерде өтеу үшін шетке шығардық", - деді үкімет кулуарында. 

Журналистер өз кезегінде "Нұр-Сұлтанда орын жетпеді ме?" деп сұрады. 

"Нұр-Сұлтанда орын жеткілікті. Бір жерге шоғырланбауы үшін орынды біз өзіміз таңдаймыз", - деп жауап берді Қожаев. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ішкі істер министрлігі митинг кезінде 700-дей адамның ұсталғанын хабарлаған болатын. 

Талқылау