Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Митинг кезінде журналиске шабуыл жасалды: Алматы полициясы қызметтік тексеріс бастады

Алматы қаласы полиция департаменті журналист Шоқан Алхабаевтың митинг кезінде дене жарақатын алуына қатысты қызметтік тексерістің басталғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

"Алматы қаласының полиция департаменті бұл жағдайға қатысты толық жауапкершілік ала отырып, фактіге сәйкес объективті тексерістің жүретінін хабарлайды. Сондай-ақ, митинг кезінде БАҚ өкілдеріне санкцияланбаған митингілер туралы ақпарат тарату кезінде қауіпсіздік ережелерін қаншалықты сақтағанына назар аударуымыз керек. Бұл ережелер бірінші кезекте журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет", - деді полиция департаментіндегілер. 

Мұнымен қатар, олар қарбалас кезде құжат талап етіп жатпау үшін журналистердің қандай да бір ереше "белгісі" болуы керектігін ескертті. Бұл туралы осы уақытқа дейін бірнеше рет ІІМ басшылығы ескерту жасаған болатын. 

Alt

"Бұл жағдайда Шоқан Алхабаевтың үстінде арнайы жилет болмаған. Сондай-ақ, митинг кезінде араға іріткі салып, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретіндердің де бар екенін еске салғымыз келеді. Сол себепті ішкі істер органдарының бірінші мақсаты бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Alt

Естеріңізге сала кетсек, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жүздеген адам митингіге шығып, сайлау туралы ойын ашық білдірген болатын. "Алматы аренада" өткен жиындардың бірінде айтыскер ақын Ринат Зайытов тұтқындалды

Талқылау