Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мисс Германия – 2024" атағы 39 жастағы ирандық әйелге бұйырды

“Мисс Германия – 2024” атағы ирандық екі баласы бар әйелге бұйырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Deutsche Welle порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.dw.com/ru

Байқауға 15 мың қыз-келіншек қатысуға ниет білдірген. Соңғы кезеңге 8-ақ ару бақ сынаған. Жүлде қоры – 25 мың еуро. Жеңімпаз “Әйел көшбасшы” атты статуэткаға ие болады. Байқау ережесінің өзгеруіне байланысты, үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған. Жеңіске жеткен ару тәж кимейді. Бірақ иығына таққан лентасы өзінде сақталатын көрінеді. 

“Ақпан айының соңында кезекті “Мисс Германия – 2024” атағын иеленген арудың есімі белгілі болды. Ол – Берлинде тұратын ирандық 39 жастағы сәулетші-архитектор Апамех Шенауэр. Екі баланың анасы Баден-Вюртемберг федералды штатының Руст қаласында қорытындыланған "Германия аруы" байқауында жеңімпаз атанды”, – деп жазды DW порталы. 



Жеңімпаз әйелдің айтуынша, 6 жасынан бастап Германияда тұрып жатқан көрінеді. 

“Мақсатым – мигрант әйелдердің құқығын қорғау. Ирандағы жағдайды бәріңіз білесіздер. Қоғамда әйел адамдардың беделі жоғары болуы керек. Әйелдердің құқығы үшін, соңына дейін күресемін”, – деп мәлімдеді жеңімпаз ару. 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бес жылдан бері жас шектеу қойылмағандықтан, қарт әйелдер де бақ сынаған. Байқаудың ең қарт қатысушысы – 42 жастағы Миньон Коволлик есімді келіншек. 

Талқылау