Министрлік декреттегі аналарға төленетін жәрдемақының мерзімін ұзартуды ұсынбақ

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ведомствоның бала күтімі бойынша жәрдемақының төленетін мерзімін 3 жасқа дейін ұзарту мәселесін көтермек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Министрлік декреттегі аналарға төленетін жәрдемақының мерзімін ұзартуды ұсынбақ

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі декреттік демалыстағы әйелдерге жәрдемақы төленетін мерзімді ұзарту туралы мәселені бірнеше рет көтерген еді. Бюджет қаржысының көлемін ескере отырып, республикалық бюджет комиссиясына өтініш бердік. Барлық ұсыныс, барлық жаңалық мемлекеттің экономикалық мүмкіндігіне байланысты. Бүгінде ұсынысымыз әлі мақұлданған жоқ. Ендігі қайтадан ұсыныс жасайтын боламыз», – дейді Жақыпова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр