Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр қазақстандық оқушылардың халықаралық рейтингте неге төмен балл алғанын түсіндірді

Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымы PISA 2018 қорытындысын жариялады. 15 жастағы қазақстандық мектеп оқушыларының нәтижесі өте төмен. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Сурет: oecd.org

PISA (Programme for International Student Assessment) тесті 15 жастағы оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын бағалайтын зерттеу. Әр үш жыл сайын аталған бағыттардың бірі негізгі болып алмасып отырады. Яғни, сұрақтардың басым бөлігі бір бағыт бойынша басымырақ болады деген сөз. PISA 2018-де негізгі бағыт - оқу сауаттылығы.

"PISA 2018 оқу сауаттылығы бойынша орташа балл 387, математикалық сауаттылық - 423, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша - 397 балл. Бірден айтайын бұл біз күткен нәтиже және олар орташа баллдан біршама төмен ( оқу-487, математика-489, жаратылыстану-ғылыми-489). 2009, 2012 жылдардың көрсеткішімен салыстырғанда төмендеген", - деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов.

Мұндай нәтижелерге қарамастан, асығыс шешім қабылдамау қажет екенін айтты министр. Себебі, оның артында көптеген факторлар тұр.

"Біріншіден, Қазақстан үшін алғаш рет компьютер форматында өтіп отыр. Біздің балалар үшін бұл бұрын болмаған дүние. Оқушылар қиын сұрақтарға қайта айналып жауап беруге үйреніп қалған. PISA 2015 көрсеткіштеріне қарасаңыз, алғаш рет компьютерлік форматта тест тапсырған 57 қатысушы елдер айтарлықтай төмен балл жинаған. Мысалы, PISA  көшбасшыларының бірі болып саналатын Корея еліның көрсеткіші математикадан 30, жаратылыстанудан 22, оқу сауаттылығынан 18 балл төмендеген", - деді министр.

Екіншіден, оның сөзінше, Қазақстан білім жүйесінде PISA  қорытындысын жақсартуға бағытталған өзгерістердің 15 жастағы оқушыларға қатысы болған жоқ. Олар жаңартылған оқу мазмұнына әлі көшпеді. Аймағамбетовтың айтуынша, осы жаңартылған бағдарламалардың нәтижесі 2021 жылы және одан кейін де жақсы нәтижеге жол тартпақ.

"Үшіншіден, тестке 9-сынып (44%) және 10-сынып (53,4%) оқушылары қатысты. Ал басқа елдерде мектепке қабылданатын жас нақтыланған, сол үшін қатысушылардың көпшілігі бір сыныптан. Мысалы, Жапония және Сингапур қатысушыларының  90-100 пайыз 10 сынып оқушылары болған", - деп түсіндіріп өтті. 

Асхат Аймағамбетов Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу бағдарламасының нәтижелі екенін көрсетті дейді. НЗМ оқушылары оқу сауаттылығынан 511, математикадан -554, жаратылыстанудан 526 балл жинаған. Олардың көрсеткіштері PISA 2018 көшбасшыларыныкімен бірдей. 

"Егжей-тегжейлі барлығын анықтаған соң қорытынды шығарамыз. Бұл жыл нәтижесі оқу бағдарламасын өзгерту қажет пе деген сауалға жауап берді. Иә, өзгерту керек. Келесі зерттеу 2016 жылы енгізілген жаңартылған бағдарлама қаншалықты дұрыс екенін көрсететін болады", - деді министр.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

1 қаңтардан бастап көтерілетін шәкіртақы көлемі анықталды

Білім министрі бұған қоса шәкіртақының көтерілуіне 13 миллард теңге бөлінетіндігін жеткізді

Нұр-Сұлтанда үлгілі қызметімен танылған полиция қызметкері миллион теңгелік пара талап еткені үшін сотталды

Полиция қызметкері бұл қылығы үшін 7 жылға түрмеден бір-ақ шықты

СҚО-ның экс-әкімінің інісі жарты миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Істің мән-жайы тексерістен кейін белгілі болады

Қызылорда облысында жол апатына түсіп, қаза болған мұнайшылардың отбасыларына бір миллион теңге берілді

Бұған қоса жәрдемақы жарақат алғандарға да тағайындалған

"Қатты ауырдым. Гормон таблеткаларын іштім": Айдана Меденова мінсіз сұлулыққа қалай қол жеткізгені туралы

"Артық салмақ қосып алдым"

Қарағанды облысында жаппай көліктер соқтығысуда (видео)

Жол оқиғасы көктайғаө пен тұманның кесірінен болған көрінеді

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр