Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Аймағамбетов: Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын арттыру керек

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларының жалақысын көтеру қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр Аймағамбетов: Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын арттыру керек

«Қазір мектеп директорларының жалақысы кейбір мұғалімдерге қарағанда төмен. Мұның себебі мұғалімдердің санаттарына байланысты. Бізде көптеген директорлық бос жұмыс орындары бар. Кей мектепте 200 оқушы оқиды, кей мектепте 1200 мектеп бар. Тиімді және тиімсіз директорлар бар. Біз мектеп директорларына, орынбасарларына, әдіскерлерге қолдау көрсетуіміз керек,  білім министрлігі осы тұрғыда жұмыс істеп жатыр», - деді ҚР білім және ғылым министрі ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жалақыны көтеру мөлшері сараланатын болады және еңбек өтілі мен санатына тікелей байланысты болады. Бірінші санат үшін, басқарма басшысы атап өткендей, жалақыны жүз пайызға арттыру жоспарланған. Бұған дейін Аймағамбетов мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мұғалімдердің жалақысы төрт жыл ішінде қалай көтерілетінін айтқан болатын.

Талқылау