Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелді босандырған акушерді марапаттады

Елжан Біртанов Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелді босандырған акушерді марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелді босандырған акушерді марапаттады

Денсаулық сақтау министрі акушер Нағима Зорымбаеваға құрмет көрсетті. Снараяд жарылып, жарыс болып жатқанда жүкті әйелді босандырған акушерді марапаттады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің баспсөз қызметі Facebook желісінде мәлімдегендей, Елжан Біртанов жақын күндері Түркістан облысы Арыс қаласына аттанған. Ол жақта Нағима Зорымбаевамен кездесіп, оған кәсібилігі мен батылдығы үшін алғыс хат берді. 

"Әріптесіме кәсібилігі үшін алғыс білдіремін. Снаряд жарылып жатқанына қарамастан ол өз міндетін атқарып, бала мен ананың өмірін құтқарып қалды", - дейді министр. 

Нағима  Зорымбаева 1990 жылдан бері Арыс ауданындағы перзентханада жұмыс істейді. 

Бұған дейін Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелдің босану оқиғасын жазған едік.  

Талқылау