"Мінезімді әкеме ұқсатады". Гүлзира Айдарбекова марқұм ата-анасын еске алды
Танымал хитмен Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова дүниеден өткен жақындарын еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

©instagram.com/gulziraaidarbekova
“Жандарың жәннатта болсын әкешім, анашым, бауырларым! Бүгін жұма, өмірден өткен жақындарымызға құран бағыштап жүрейік. “Адам тірісінде ақша іздесе, арғы дүниеде құран іздейді”. Бес күн дүние деген. Барымызды бағалайық! Жұмадағы дұғаларыңыз қабыл болсын”, – деп жазба қалдырды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оқырманның: “Сізге анаңызға ұқсайсыз ба әлде әкеңізге ұқсайсыз ба?” деген сауалына Гүлзира Айдарбекова: “Қайтпас қайсар мінезімді әкеме ұқсатады, сырт келбетім екеуіне де ұқсайды”, – деп жауап берді.
Продюсер күйеуі Нұртас Айдарбековтың анасы отырған қара шаңыраққа да бас сұқты. Бүгінде алты немеренің әжесі 95 жастағы енесін көрсетті.

"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген