Міне нағыз патриот: Төреғали Төреәлі туған жері туралы бейнежазба жариялады (видео)

Туған жерге арнап видео жариялаған Төреғали Төреәлі өзінің отаншылдығын дәлелдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кіндік қаны тамған мекенге туындысын арнаған Төреғали Төреәлі елдің ықыласына бөленді. Президенттің Қызылордаға барғанын айтып мақтанған ол, Тоқаевтың біраз мәселені талқылап кеткенін де жеткізді.

"Қызылордама келсем, Президентіміз Тоқаев туған өлкеме іс-сапармен келіп кетіпті. Ол ол ма, Байқоңырыма да ат басын тіреген екен. Біраз мәселенің мән-жайын талдап, Қырымбек көкеміздің қолынан алып, Нұрлыбек ағамыздың арқасынан қағып ризашылығын білдірді деседі жерлестер. Қырекең де, Нұрекең де простой жігіттер емес қой. Өте тәжірибелі еңбек сүйген ағалар ел бағына аман болсын!" - деп жазды Төреғали Төреәлі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ассалаумағалейкум ардақты ағайын! Айлардың сұлтаны Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Жақсы сөз жарым ырыс дейді ғой дана xалқымыз, біз де оразада жақсы сөз айтып қалайық. 🕋 Қызылордама келсем, Президентіміз @tokayev_online туған өлкеме іс –сапармен келіп кетіпті. Ол ол ма, Байқоңырыма да ат басын тіреген екен. Біраз мәселенің мән-жайын талдап, Қырымбек көкеміздің қолынан алып, Нұрлыбек ағамыздың арқасынан қағып ризашылығын білдірді деседі жерлестер. Қырекең де Нұрекең де простой жігітттер емес қой) өте тәжірибелі еңбек сүйген ағалар ел бағына аман болсын! 🕊 Бұған қоса, облыста әлі күнге дейін әлеуметтік мәселелердің жеткілікті деңгейде шешілмей жатқанына назар аударып, оның ішінде айлық жалақыны көтеру, жұмыспен қамту және тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналарымызға қолдау жасау жөнінде тапсырма беріпті. Дегенмен бұрыңғы Ақмешітпен қазіргі Қызылорданың арасы жермен көктей-ау?! 🇰🇿 Әуелі Алла Рамазан айында жақсы бастама болып жатыр екен. Тілеуін Қазағымның бер Жасаған, Елім аман болса екен елбасы аман!!! #ТТТ🇰🇿

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Туған жеріне бейнежазба арнаған ол Қызылордалықтардың қазіргі әлеуметтік жағдайын айта келе, бұрыңғы Ақмешітпен салыстырып, мән-жайды түсіндіріп берді. Еліне, жеріне деген құрметті осылайша дәлелдеген өнер иесі көптің ықыласына бөленді. 

"Бұған қоса, облыста әлі күнге дейін әлеуметтік мәселелердің жеткілікті деңгейде шешілмей жатқанына назар аударып, оның ішінде айлық жалақыны көтеру, жұмыспен қамту және тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналарымызға қолдау жасау жөнінде тапсырма беріпті. Дегенмен бұрыңғы Ақмешітпен қазіргі Қызылорданың арасы жермен көктей-ау?!" - дейді ол.
 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық қатынас арқылы: Дәрігер қазақстандықтарға арқа ауруын емдеудің жолын үйретті

Жыныстық қатынас психологиялық және соматикалық денсаулықты жақсартады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған
Çàãðóçêà...