"Мықтымын, бәрін көтеремін": Бір көзінен айырылған Римма Асқарова Испанияда ота жасатты

11 жасында отшашудың кесірінен бір көзінен айырылған Римма Асқарова Испанияда ота жасатты. Оның анасы желіде жазба қалдырып, қызының отадан кейін аман-есен оянғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Римма Асқарова 18 қыркүйекте көзіне ота жасату үшін Испанияға аттанған. 1 қазанда оған ота жасалды. 

Бойжеткен оған дейін желіде жазба қалдырып, шешуші ота жасалатынын, арманына жақын қалғанын айтқан. 

«30-қыркүйекте ота алдындағы соңғы тексерудің бәрінен өттім. Қан, көздің бірнеше анализдары, бәрін бүге-шүгесіне дейін тапсырдым. Демек, мен ертеңге толық дайынмын. ... Уайымдамаңыздар, мен мықтымын, бәрін көтеремін. Менің қолымнан келеді», - деп жазған Асқарова. 

Ал кеше Римма Асқарованың анасы қызының Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады. Айтуынша, қызы отадан кейін оянғанын жеткізуін сұраған.

«Қызым сіздерге: «Римма оянды», -  деп жеткізуімді өтінді. Сол себепті мен, анасы, жазып отырмын. Аллаға шүкір, отадан соң аман-есен оянды. Дәрігерлердің айтуынша, бәрі ойдағыдай жақсы өткен. Әзірге біз ауруханада боламыз. Қызымның екі көзіне де ота жасалғандықтан, екеуі бірдей жабық. ... Алдағы уақыттағы қызым жайлы ақпаратты осылай жазып отырамын. Көңіл-күйі, бәрі жақсы, шүкір», - деп жазды Римманың анасы. 

Сонымен қатар ол қызы үшін уайымдап, дұғада болғандарға алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, небәрі 11 жасында от шашудың кесірінен бір көзінен айырылған Римма Асқарованың тағдыры барша қазақстандықты алаңдатқан еді. Римманың оқиғасы жайлы жұрт желі белсенділерінің арқасында білді. Содан бастап қайырымды жандар бойжеткеннің еміне ақша аударып келеді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұлулық салонында аса қауіпті ауру жұқтырған бойжеткен жұртты сақтандырды

Педикюр жасатқан бойжеткеннің аяғына ірі жара қаптап кеткен

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Шетелдік көлік жүргізушілері туралы ақпарат сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

"Иісі жаман екен": Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді
Çàãðóçêà...