Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мықты болуым керек": Алсудың қызы "Голос" шоуындағы даудан кейін алғаш рет сұхбат берді

Ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова "Голос. Дети" шоуындағы даудан кейін алғаш рет сұхбат берді. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылымда аталғандай, Микелла шоудың финалисі Ержан Максиммен бірге "Балалар жас толқын" байқауында өнер көрсеткен. Олар "Это любовь" аталатын әнді шырқады. Жас әнші жобаға қатысушылармен дос екенін және араласып тұратынын айтты. 

Абрамова әртіс болғысы келетінін айтады. Ол осы мақсатта бимен, вокалмен және музыкамен айналысқан. Алсудың қызының сөзінше, ол өнер жолындағы қиындықтар мен бәсекелестердің қызғанышына дайын. 

"Егер сахнада өнер көрсеткім келсе, мықты болуым керек екенін түсіндім. Өз ісімді атқарып, өзгелердің сөзіне мән бермеуім керек", - дейді Микелла. 

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максимді "Голос. Дети" байқауының әділқазылары да қолдап, жеңіске жетуге лайық деп тапқан болатын. Алайда, Алсудың қызы Микелла Абрамованың жасанды жолмен дауыс жинауы қазақстандық өнерпазға жеңіске жетуге кедергі болған. Зерттеу нәтижелері бойынша Микелла Абрамованың жеңісі күшін жойған. Артынша, Ержан Максим мен шоудың өзге де финалистері жеңімпаз атанды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр