Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Франция зообағы ерекше жаратылысты көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Миы жоқ, көпжынысты жаратылыс иесін Франция зообағының бірінде орналастырды
Ғылымда physarum polycephalum («көпбасты шырыш») атпен әйгілі біржасушалы ағза, өздігінен қозғалып, өзіне тамақ тауып жеп, өзін емдеп, қиын лабиринттерден жол табу қасиетіне ие көрінеді. Бұл жаратылыс иесіне «Тамшы» деген есім де беріліп үлгеріліпті. 

Сырт келбеті зең саңырауқұралығына ұқсас, алайда өзі жануарға тән зообақтың біржасушалы мекендеушісінің 720 жынысы бар екен. Сонымен қатар, оның бойында өз-өзін жылдам қайта қалпына келтіру қасиеті жақсы дамыған.

 

Бойында жүйке жүйесінің жоқ болуына қарамастан, оның есте сақтау қабілеті өте жақсы. Ал, екі шырышты «жануарды» қосқан жағдайда, олар бір-бірімен ақпарат алмасып, бір әдетке ие тұтас организмге айналады. 

«Біз оның өсімдік емес екеніне сенімдіміз, десек те, бұл жаратылыс иесін жануар я саңырауқұлақ деп кесіп айту әлі мүмкін емес», - дейді Париждегі жаратылыстану музейінің басшысы Бруно Давид.

Талқылау