Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мейрамханаларға ән айтуға жұмысқа алмайтын": Әділхан Макин күзетші болғаны туралы айтты

Әділхан Макин күзетші болып жұмыс істегені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kazakhtv арнасына сілтеме жасап.

Бастапқыда әкесінің жолын қуып, әскери шенді боламын деп жүрген Әділхан Макин артынша музыкалық коледжге түседі. "Жас қанат" байқауынан жеңіспен оралғаннан кейін жас әншіні Нұр-Сұлтанға оқуға шықырады. Жақындарының қарсылығына қарамай елордаға кеткен Әділхан қалай оқып, жұмыс істегені туралы айтты.

"Астанада жарты жыл оқығаннан кейін маған уәде бергеннен грантқа ауыстырмады. Жұмысым да жақсы болған жоқ. Ағылшын тілінде ән айтпағандықтан мейрамханаларға жұмысқа алмайтын. Әртүрлі жерлерде жұмыс істедім. Күзетші болып істеген кездерім де болған", - дейді Әділхан Макин.

Бүгінде ел мақтанатын әншіге айналған ол күзетші болған кездерін есіне алды. Сонымен қатар, жас әншіні коледж бен университеттен де шығарып жіберген көрінеді. Алайда, Әділхан берілмей, өнер жолын жалғаған. 

"Артынша мені ректор Айман Қожабекқызы қызыл кілемге шақырды. "Сен жас қанаттықсың ғой. Не болып қалды, неге сабаққа келмейсің" деді. Мен барғым келмейтінін айттым. Мені шығарып жіберіңіздер дедім. Университеттеріңізге түсемін деп едім, олар таңқалды. Ақыры соңында шығарып жіберді. Мен артынша кешкі мектепті бітірдім. Содан кейін Шабыт Университетіне грантқа түстім. 1-2 жыл оқығаннан соң қайтадан шығарып жіберді", - дейді Әділхан Макин.

Талқылау