AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Компания 30 жыл жұмыс істеген ер адам қалам сыйлаған: Желі қолданушылары оған 230 000 доллар жинап берді

57 жастағы АҚШ тұрғыны Кевин Форд 30 жыл бойы Burger King дәмханасында кассир болып жұмыс істеген. Дәмхана Лас-Вегас әуежайының маңында орналасқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кевин

Форд жұмысқа жас кезінде орналасып, бірде-бір рет еңбек тәртібін бұзбаған. 

"Бірде-бір рет жұмыстан қалмадым, ешқашан жұмыс кестесін бұзған емеспін. Еңбек демалысында кешікпей, сатып алушылармен жақсы қарым-қатынаста болдым. Басшылыққа дауыс көтеріп көрмегенмін, тіпті денсаулығыма байланысты демалыс та алған емеспін", – деді ер адам.

Ол әлеуметтік желідегі жазылушыларына адал еңбегі үшін басшылық берген сыйлықты көрсеткен: кәмпит, қалам мен киноға билет.

Кевин бұл сыйлықты жеңіл қабылдағанымен, желі қолданушылары наразылықтарын білдірген. 

"Естеріңнен адасқансыңдар ма? Керемет жұмысы үшін баланың туған күніне беруге болмайтын нәрсені қалай сыйлауға болады?" деп жазды желі қолданушылары. 

Кевиннің қызы ашуланып, әлеуметтік желіде мұндай арзанқол заттардың орнына сыйақы беріп, немерелерін көріп келуі үшін бірнеше апта демалыс беруі керек еді деп ашуын білдірді. 

Желі қолданушылары Кевин Форд үшін 230 000 долллар жинаған. Олар жиналған қаржыны "адал еңбегі үшін берілген сыйақы" деп атаған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр