Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Метан қалдықтары өртенуде": Ақтөбеде қоқыс алаңын толтыру жұмысы қолға алынды

Ақтөбеде қоқыс полигонын консервациялау жұмыстары басталды. 16 жылдан бері жұмыс істеп келген полигонның қоқысқа толғаны сонша, мұнда метанның түзілуіне байланысты жыл бойы өрт болып, түтіні қалаға жайылған. Қоқыс алаңының ескіргенін шенеуніктер де мойындауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осы уақыт ішінде полигон қоқысқа толып, оның тереңдігі 20 метрге дейін жеткен. Метанның түзілуіне байланысты ол жерде жыл бойы 10 өрт оқиғасы орын алған. Ол өздігінен жанып та,  адамдар мен техниканың әсерінен де болған. 

Жанжалдардан кейін шенеуніктер ақыры мердігерді анықтап, полигонды топырақпен толтыру үшін тендер ойнатты. Бірақ бірінші байқауда ешкім өтпеді. Себебі ешкім мұндай жұмысты алғысы келмеген. Мердігер екінші тендер кезінде анықталды. 

Қазір 42 гектар аумақты топырақпен толтыру жоспарлануда. Жұмыстың жалпы құны 160 миллион теңгені құрайды. Полигон қалдықтарды қабылдауды жалғастыруда. Жаңа нысан қазан айында пайдалануға берілмек.

“Бұл қалдықтардың оттегімен өзара әрекеттесуіне жол бермеу үшін толтыру және прокаттау жұмыстары жүргізіледі. Ал газ шығатын құбырлар метан газы жинамай, табиғи тартылу арқылы сыртқа шығатындай етіп орнатылады”, – деді "Батыс Ақтөбе" ЖШС директоры орынбасары Александр Лисицкий.

Талқылау