Меруерт Түсіпбaева пластикалық ота жасатпақ
Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева ұзақ ойланып, пластикалық ота жасауға шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/meruert_tusupbaeva
Өнер иесі Tik-Tok желісіндегі парақшасында бейнежазба жариялап, дәрігердің қабылдауына кіретінін айтты.
“Пластикалық хирургияға келдім. Ота жасатар алдында ұзақ ойландым. Уақыты келді деп ойлаймын. Алладан ота жеңіл өтсін деп тілеймін. Көрермендерім көбіне мені осы белгімнен танитын. Өкінішке орай, мен осындай шешім қабылдадым”, – деп әнші қандай ота жасалатынын жасырып қалды.
Оның айтуынша, жақындары әншінің бұл шешіміне қарсы болған.
“Достарым да, тіпті сүйіктім де осы операцияға қарсы болды”, – дейді Меруерт.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”