БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Менің танымалдылығым оған әсер етпеуі керек": Айқынның үлкен ұлы әкесінің жолын қумақ

Айқынның үлкен ұлы әкесінің жолын қумақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Айқын Төлепбергеннің үлкен ұлының өнері желідегі жұртты таңқалдырып жүр. Өлең оқып, ән айтып, талантымен тәнті еткен Аңсар әкесінің жолын қуатын түрі бар. Бұл жайлы Айқын Төлепбергеннің өзі айтып берді. Жұлдызды әке перзентінің бойынан өнерге деген ынтызарлықты байқап жүргенін жасырмады. Бірақ, Айқын Төлепберген ұлының жетістікке жетуіне кедергі болғысы келмейді.

"Бір кезде әнші боламын, енді бірде биші боламын деді. Менің әншілігім, танымалдылығым оған әсер етпеуі керек. Әсер ете бастаса, оған қиындау болады. Жеңілдіктер болып, кері әсерін тигізуі мүмкін", - дейді Айқын Төлепберген.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр