БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Менің қолымнан не келер дейсіз?": Ерке Есмахан жұртты сабырға шықырды

Ерке Есмахан жұртты сабырға шақырып, шарасыздығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, жұрттың даурықпауын өтінді. Осылайша желідегілерді сабырға шақыруға тырысып бақты ол. Ерке Есмахан шешімді қабылдайтын ер адамдар, әйел затының қолынан ештеңе келмейді деп ескертті.

"Қазір бізге керегі - сабырлық! Сәл шыдайықшы. Бәрі бір Алланың қолында! Ең бастысы ел аман болсын! Менің қолымнан не келер дейсіз? Мен әйел адаммын. Мұндай кезде сөйлейтін, шешім қабылдайтын ер азаматтарымыз ғой. Алладан xалықтың, елдің тыныштығын сұраймын! Бәрі қайырымен болсын!" - деп жазды Ерке Есмахан.

Өнер иесінің бұл жазбасына тыңдармандары қолдау көрсетіп, "Сабыр түбі - сары алтын" десті.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр