Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мені таңдады": Disneyland Динара Сұлтанға қызығушылық танытты

Дисней Динара Сұлтанға қызығушылық танытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әлемге әйгілі "Алладин" картинасы енді қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Белгілі әнші Динара Сұлтан туындының саундтрегін шырқаған. Тіпті Дисней студиясы әншінің әсем орындауын ұнатып қалған. 

"Әнді айтқан кезде мен Жасминнің эмоциясына қарап, айқайлап айтуым керек болды. Әннің аты "Үнсіздік" деп аталады. Альбомдық нұсқасында Дисней студиясы менің даусымды таңдап алды", - дейді Динара Сұлтан.

Өнер иесі тағы ұсыныстар түсіп жатса ойланбастан келісетінін де жасырмады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр