"Мені де, бауырларымды да ұрады": Қапшағайда 17 жастағы қыз өгей анасының қорлық көрсететінін айтып көмек сұрады

Қапшағайдың 17 жастағы тұрғыны өзін асырап алған қамқоршысына шағым айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Айтуынша, өзін де бауырларын да қамқоршысы ұрып-соғады. 

17 жастағы Гүлсезімнің, сіңлісі Аяна мен інісі Дарханның қамқоршысы өзінің жеңгесі. Өзінің туған анасы бар. Ол үш баласын да өзіне қайтарғысы келеді. Алайда заңмен рұқсат жоқ. Ал, балаларын не себепті өзгеге бергенін өзі түсіндіріп берді. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды. 

"Өзім жастай тұрмысқа шыққанмын. Күйеуім ауруға шалдығып, 23 жасымда жесір қалдым. Ол кезде жұмыс істемейтін едім. Қайын жұртым мені әмеңгерлікпен күйеуімнің бауырына үйлендіріп, үш баламды абысыныма беруге көндірді. Сенің жағдайың жоқ, асырай алмайсың. Қайын ағаң мен абысының аяққа тұрғызып береді. Жағдайы жақсы деген соң амал жоқ көндім", - дейді анасы Гүлнәз. 

Алайда балаларына қоңырау шалып, сөйлесіп тұрған. Қазіргі күйеуінен туған балалары бар. 

Бұл ретте бағдарламаға келіп отырған 17 жастағы студент қыз Гүлсезім асырап алған апасының да, оның қызы да өзін ұрып-соғады деп айыптады. Денесіндегі көгерген іздерді көрсетті. 

Алайда бұған інісі мен сіңлісі қосылмады. Әпкесінің сөзін жоққа шығарып, апасын жақсы көретіндерін айтты. 

Бағдарлама қонақтары мен туған анасы "балаларды қорқытып қойған" деген пікір айтты.

Гүлсезімнің айтуынша, үй шаруасындағы ауыр тірліктерді өзі атқаратын көрінеді. Жасамаған жағдайда таяқтың астында қалады. Бұл мәселенің түйіні шешілген жоқ. Гүлсезім 3 ай Талдықорғандағы бейімдеу орталығына орналастырылмақ. Одан кейінгі жағдайы тағы қаралады. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді

Іші де шықпаған: Әйел жүкті екенін білген күні босанып қалды

Ол асқазаны ауырғаны үшін дәрігерге барып, жүкті екенін білген

"Зәулім үйі мен көлігі бар": Қарағандыда әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасы анықталды

8 баласы бар отбасы 100 шаршы метрдегі үйде тұрып жатыр

"Әлі де кемшіліктер бар": Тоқаев латын әліпбиіне көшу туралы

Президент: Тіл мамандары әліпбиді жетілдіруі керек
Çàãðóçêà...