"Пышаққа құлап қалды": Жолаушы әйелді өлтірді деп айыпталған таксист кінәсін мойындамады

Алматылық косметологтарды өлтірді деп айыпталған күдіктілер сотта алғаш рет жауап берді. Бас күдікті 40 жастағы Батура Мамедованы өлтіргісі келмегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жангелді Қобланов және Айдана Беренова үш жыл бойы жүрген. Екеуі ара-арасында таксист болып жұмыс істеп, күн-көріске ақша тапқан. Жас жұпқа 40 жастағы Батур Мамедованы тонап, өлтіріп, Береке ауылында көміп тастады деген айып тағылды.

"Біз Айдана екеуміз ұрысып қалдық. Ол дүкенге су алуға кетті. Мен оны күткім келді. Клиенттен көліктен түсуін сұрап, жаяу бара беруін сұрадым. Бірақ ол сөзімді тыңдамады. Пышақты көрсеттім, бәрібір келіспеді. Менен пышақты тартып алмақ болды. Сосын мен кеуде тұсынан ұрдым. Ары қарай жүрдік. Мен: "Осы жерден түсесіз бе?" — деп сұрадым. Есікті ашып едім, ол кенет орнынан тұрды. Пышақ бетіне осылай кіріп кетті", — дейді Қобланов. 

Күдіктінің ғашығы сотта айтқан сөзін бірнеше рет өзгертті. Тергеу кезінде ол Қоблановтың  алтын мен ақша үшін косметологты өлтіргенін мойындады. Бірақ сотта Айдана Беренова сөзін жоққа шығарды. Ол кісі өлімін көрмегенін мәлімдеді. 

Марқұм Мамедованың туысқандары күдіктілердің қатаң жазалануын талап етуде. 

"Олар өкінбеді. Керісінше, кінәсін мойындамауға тырысты. Пышаққа құлап қалғанын айтты. Үш баланың әйелі, жас әйел пышаққа қалай құлап қалады? Сегіз пышақ жарақаты бар", — деді Мамедованың туысқаны Гүлімзар Қадірова. 

Жангелді Қобланов кісі өлтіргенін мойындамады. Келесі сот отырысы бір аптадан кейін өтеді. Күдіктілер 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...