Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен жеңдім. Мұны бүкіл әлем көрді": Деревянченко Головкинмен жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

Күні кеше өткен Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегі қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Алайда украиналық спортшы артынша күтпеген мәлімдеме жасады. Ол төрешілердің шешімімен келіспейтін сияқты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сергей Деревянченко Instagram желісіндегі парақшасында кеше, 6 қазанда, өткен жекпе-жек туралы жазды. Боксышының сөзіне қарағанда, ол қарсыласы Головкинді жеңдім жеп санайды. Ал жекпе-жек нәтижесін «біртүрлі» деп атады.

«Сеземін, мен жеңдім. Мұны бүкіл әлем көрді. Өкінішті, алайда кеше «біртүрлі» дүние орын алды. Мені қолдағандардың барлығына үлкен алғыс білдіремін», - деп жазды Деревянченко. 

Еске сала кетсек, 6 қазанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Екі мықты боксшының жекпе-жегі он екі раундқа созылды. Төрешілердің шешімі бойынша ұпайлардың есебімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Жекпе-жек соңында берген сұхбатында GGG украиналық боксшыны құрметтейтінін, оны мықты спортшы санайтынын айтты.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Өлтіріп жіберуі мүмкін: Аспириннің балаларға аса қауіпті екені айтылды

Бұған қоса, аспирин мастықты қайтарады деген аңыз жоққа шығарылды

Ұлын құтқарамын деп көз жұмды: Туыстары марқұм туралы айтып берді

Марқұм таяуда ғана 30 жасқа толған екен

Әлемдегі шіріген бай тұрғындары бар мемлекеттер қайсы

Рейтингтегі екінші орынды АҚШ иеленіп, оның ізін Жапония жалғады

"Оқудан қуылады": Солтүстік Қазақстанда студенттер жаппай төбелесті

Тоқаев рахымшылық жасаған: "Қорғас ісі" бойынша сотталған Артықбаев пен Жақаев бостандыққа шықты

Сот олардың өтелмеген жаза мерзімінің бір бөлігін айыппұл жазасына ауыстырды

"Екі рет қытайларға": Қазақ келіншек үй алу үшін суррогат ана болып жүргенін айтты

Әлия Құрманәлиева: Бұл жерде жаман ешнәрсе көріп тұрған жоқпын

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады
Çàãðóçêà...