Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен тек оны құлатып алмауды ойладым": Зейнеткер әйел терезеден құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Ресейдің Новокузнецк қаласында екінші қабаттың терезінен құлап кеткен бір жарым жастағы сәбиді зейнеткер әйел құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НТВ және Вести.ru-ға сілтеме жасап.

Терезе үстіндегі баланы байқап қалған кезде, кездейсоқ өтіп бара жатқан 64 жастағы Светлана Санарова еш саспастан, қолындағы азық-түлік заттарын жерге қойып, үйдің жанына жүгіріп келіп, құлап келе жатқан баланы ұстап алған.

Бұл жағдай орын алған кезде баланың анасы мен әкесі пәтерде болған, үй жұмыстарымен алаңдап жүріп, бірнәрсе дұрыс емес екенін тек терезеден сырт жерде ұлының бейтаныс әйелдің қолында жылаған дауысын естігенде барып байқаған.

"Мен теледидардан қалай ер азаматтардың балаларды қағып алғанын көргенмін. Бұны жалғастыру керек деп ойлаймын. Барлығы қас пен көздің арасында болды. Қорқыныш та, үрей де, басқа адамдардың қағып алғанын да күтпедім, өйткені жанымда көмектесетін ешкім болмады. Мен қатер жайлы ойламадым. Тек сәбиді құлатып алмауды ойладым. Оқиға өткеннен кейін баланың жағдайын ойлап уайымдап жүрдім. Кейін газеттерден барлығы дұрыс екенін оқыдым", – дейді батыр әйел.

Светлана Санарова сәбиді ата-анасына тапсырып, өз жолымен жүре берген. Қамқор әйелді тауып, оған алғыс айту үшін полицияға әлеуметтік желілер мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының көмегіне жүгінуге тура келді. 

Баланың қазіргі таңда дені сау, ата-анасының жанында.

Талқылау