Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мен мұсылман емеспін": Айжан Байзақова дінге қатысты ұстанымын айтты

Айжан Байзақова дінге қатысты ұстанымын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Alibekovkz арнасына сілтеме жасап.

Өзін дінсіздердің қатарына жатқызған атышулы Айжан Байзақова бұл сөзінің себебін түсіндіріп берді. Адам өзін мұсылманмын деп айтуы үшін, діннің барлық талаптарына сай болуы керек дейді блогер. Бір кездері анасы намаз оқығанын да жасырмады Айжан Байзақова.

"Егер менің ата-анамды мұсылман деп есептейтін болсақ, онда мен де мұсылманмын. Бірақ, намаз оқып, сүрелерді білмесем, орамал тақпасам, өзімді қалай мұсылманмын деп айта аламын. Мен құранды оқып көрген емеспін. Ал "Құдай сақтасын" деп бала күннен айтамын. Әдет болып кеткен. Анамнан үйренген сөздерім", - дейді Айжан Байзақова.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр