Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік корпорация менеджері қыз баланы балағаттап, артынша жұмысқа келмей қойған

Мемлекеттік корпорация топ-менеждері жанжал шығарды. Дәл осы атаумен желі қолданушыларының арасында мемлекеттік мекеме қызметкерінің ерсі қылық танытқан видеосы таралып кеткен. Аты-жөні әлі анықталмаған азаматтың «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі компанияларының бірінде қызмет ететіндігі ғана белгілі, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия 1-арнасына арнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік корпорация менеджері қыз баланы балағаттап, артынша жұмысқа келмей қойған
Видеода өзгелерді балағаттап, мәдениетсіздік танытқан топ-менеджерге қатысты «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингінің баспасөз хатшысы Ермек Болтаев : «Қауіпсіздік қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Видеодан ол кісінің Аграрлық кредит корпорациясында жұмыс істейтіндігі анықталды. Қазіргі уақытта сырқаттынып, жұмысқа шықпаған. Жұмыс орынына қайта келген соң, түсініктеме жазады», деді. 

«ҚазАгрон» бір қызметкерін естеріне түсіре алмай жатса, өзгесін, дәлірек айтсақ Аграрлық кредит корпорациясының басқарма директорын жақсы таниды. Пара алумен ұсталған қызметкер, топ-менеджер кабинетін жақын уақытта түрмеге алмастыруы әбден мүмкін. 
 

Талқылау