Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Қазақстандық оқулықтың ішіндегі тапсырма желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Facebook желісінде Борис Сартаев есімді қолданушы мектеп оқулығындағы тапсырмалардың бірінің суретін жариялап, балалардың отбасының кірісі мен шығынын жазуы керектігіне наразы болды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Ер адам төртінші сынып оқушыларына арналған тапсырмада отбасылық бюджетке талдау жасауы сұралғанына қайран қалған. Жекелей алғанда, балалар ата-анасының кірістері мен коммуналдық қызмет, несие, азық-түлік, киім-кешек, көңіл көтеру мен бензинге кететін шығындарын жазуы тиіс. Сондай-ақ, отбасында ақша жете ме, жоқ па, оны да көрсетуі керек.

«Оқулықты құрастыратын жолдастар, сіздер түнде салық бойынша қосымша жұмыс істемейсіздер ме? Бұл не деген сұрақтар?! Бәрінің балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Мен мұндай оқулықтар мен тапсырмаларға қарсымын. Бұл менің жасыратын нәрсем (мысалы, дәрігер ретінде алатын «үлкен» жалақым) бар болғандықтан емес. Себебі балалар арқылы ақпарат жинау заңсыз», - деп жазды Борис Сартаев.

Өз кезегінде желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды. Бірі жазба авторын қолдаса, енді бірі «мұндай тапсырмада тұрған сұмдық ештеңе жоқ» дейді.

«Ол жерге кез келген санды жазуға болады ғой. Балаларға бюджетті жоспарлауды үйретудің қандай жамандығы бар? Өмірінде қажет болады деп ойлаймын», - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Артынша жазба авторы балаларға экономиканы үйретуге қарсы еместігін жазды. Алайда балалары ата-анасын тығырыққа тіремеуі үшін, оқулық авторлары тапсырманы нақтырақ құрастыруы керек , дейді ол.

Талқылау