Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мексикада ұшақ апаты болып, 14 адам көз жұмды

Мексикада әуе апаты болып, 14 адам мерт болды. Bombardier Challenger 601 жекеменшік ұшағы Лас-Вегастен Монтеррейге ұшып келе жатқанда апатқа ұшыраған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға орнын тексерген құтқарушылар 14 адамның мүрдесін тапты. 
Ұшақ Мексикадағы Коауила штатының Монклова муниципалитетінің аумағында табылыпты. 

Көз жұмғандардың қатарында экипаждың 3 мүшесі мен 11 жолаушы бар. 

Белгілісі, қайтыс болғандар Лас-Вегастегі бокс кешін тамашалап қайтып келе жатқан.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр