Мексикада дүкен жарылып, 22 адам көз жұмды

Мексиканың Эрмосильо қаласындағы дүкенде болған жарылыс салдарынан кем дегенде 22 адам, соның ішінде төрт бала қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі El Universal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тағы 12 адам түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Жарылыстан кейін өрт тұтанған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, тілсіз жау дүкеннің кіреберісінде басталып, көптеген сатып алушылар іште қалып қойған. Құтқарушылар өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол бермеген.
Сонора штатының билігі оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу бастады. Негізгі нұсқалардың қатарында — техникалық ақау мен жеңіл тұтанатын материалдардың болуы қарастырылып жатыр.
Аймақ губернаторы Альфонсо Дурасо қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Ал Эрмосильо қаласының әкімдігі барлық мәдени шараларды уақытша тоқтатты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген