Мексикада бір сәтте жүзден астам бір жынысты жұптың үйлену рәсімі өтті
Мексиканың астанасы Мехикода жүздеген бір жынысты жұптар мен трансгендерлер үйлену тойларын бір сәтте жасады. Той жыл сайын өтетін қалалық гейлер шеруіне бір күн қалғанда өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

120-ға жуық ерлі-зайыпты қол ұстасып, неке қию рәсімін жасаған.
Күйеу жігіттердің бірі Эдгар Мендоза 10 жылдан кейін өз сүйіктісіне қосылған.
"Бұл – жай ғана парақ немесе неке символы емес, өте маңызды құжат. Бұл – отбасыма бере алатын қауіпсіздік", – деді ол.
2009 жылы Мехико Латын Америкасындағы бір жынысты некені заңдастырған алғашқы юрисдикция болды.
Елордада тағы 131 адам жынысын ауыстырудың әкімшілік процестерін аяқтауға ниетті. Трансгендерлер өздерінің гендерлік сәйкестігін көрсету үшін жеке куәліктерін жаңарта алмай, түрлі қиындықтарға тап болған.
"Акушерьге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады