Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мбаппе 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Катардағы әлем чемпионатының үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

мбаппе

Француз спортшысы жеті матчта сегіз гол (екеуі пенальти) салды. Сондай-ақ, 23 жастағы шабуылшының есебінде екі нәтижелі пас бар.

Мбаппе Аргентина құрамасына қарсы әлем чемпионатының финалында хет-трик жасады.

Лионель Месси финалдағы дубльге қарамастан екінші болды. 35 жастағы аргентиналық жеті матчта жеті гол соқты (төрт пенальти).

Сондай-ақ, бірнеше ойыншылар марапатталды:

Энцо Фернандес (Аргентина) — турнирдің үздік жас ойыншысы.

Эмилиано Мартинес (Аргентина) — турнирдің үздік қақпашысы.

Лионель Месси (Аргентина) — турнирдің үздік ойыншысы.

Естеріңізге сала кетейік, Аргентина құрамасы финалда Франция құрамасын жеңіп, тарихта футболдан әлем чемпионатын үшінші рет жеңді.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 19 Желтоқсан, 2022 08:22