Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілістің жаңа депутаты Нұрлан Әлімжанов ант беру рәсіміне қатыспады

Мәжілістің жаңа депутаты актер Нұрлан Әлімжан ант беру рәсіміне қатыспады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputniknews басылымына сілтеме жасап.  

Мәжілістің жаңа депутаты Нұрлан Әлімжанов ант беру рәсіміне қатыспады

Мәжіліске жаңадан келген депутаттардың ант беру рәсімі өтті. Алайда, мәжілістің жаңа сессиясының алғашқы отырысына жаңадан сайланған депутат Нұрлан Әлімжанов қатыспады. 

Жақында ғана депутат мандатын алған өнер иесі мән-жайды жасырып қалуға тырысып, ант беруге қатыспағанының себебін біраз уақыттан кейін түсіндіретінін айтқан болатын. 

"Бұған қатысты әзірге ештеңе айта алмаймын, бір аптадан кейін хабарласыңыз, барлық сұраққа жауап беремін", - дейді Нұрлан Әлімжанов. 

Ал қалған үш жаңа депутат салтанатты түрде адал қызмет етуге ант берген болатын. Олар мемлекет мүддесі үшін қызмет жасайтындарын айтып, өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен арқалайтындарын жеткізген.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін", - деп ант берді депутаттар.

Талқылау