Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәжіліс әлем бойынша ядролық қаруға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

Қазақстан тарихта ядролық қаруға заң тұрғысында тыйым салатын алғашқы халықаралық құжатты ратификацияламақ, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы қаралған болатын. Заң жобасын таныстырған Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев шарт бұрын тыйым салынбаған жаппай қырып-жою қаруларының соңғы түрі – ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат екенін айтты. 

«Ядролық қаруға заң тұрғысында тыйым салу ядролық қаруды толық жоюға алғашқы қадам болмақ. Шарт ядролық қару немесе ядролық жарылғыш құрылғыны өндіру, сынау, сатып алу, беру, сақтау және өз аумағында орналастыруға тікелей тыйым салады. Шарт ережелерінде ядролық қаруды пайдалануға және оны қолдану тұрғысынан қорқытуға тыйым салынған», - деді ол.

Ядролық қаруға тыйым салу туралы 2017 жылғы 20 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясы аясында қол қою үшін ашылған шарт 50 мемлекет ратификациялағаннан кейін ғана күшіне енеді. Бүгінде шартқа 70 мемлекет қол қойып, 23 мемлекет ратификациялады. Вице-министрдің сөзінше, шарт күшіне ену үшін шамамен 4-5 жыл керек.  

«Соңғы 20 жылда ядролық қарусыздану бойынша айтарлықтай алға жылжудың жоқтығы байқалып отыр. Ядролық сынақтар тоқтаса да, қару-жарақтың жаңа түрлерін шығару мен оларды жеткізу құралдарын жетілдіру мәселесі қазірге дейін өзекті болып отыр. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қарамастан мемлекеттер қару санын азайтып немесе арсеналын толық жоюға асығар емес. Айта кетерлігі, олар өздеріне міндет жүктеп отыр. Мұндай елдер өз шешімдерін көшбасшы елдер арасында стратегиялық тұрақтылықпен байланыстырады. Сондай елдердің арасында сенімнің аздығы мәселесі туындайды», - деді Ашықбаев.

Шартты ратификациялау Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларымен толықтай сай келеді және шарт ядролық қарусыздандыру темпін күшейтуге бағытталған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр