Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәйітін Қызылордаға жеткізгенмін": Белгілі продюсер марқұм Руслан Бөлебайды танымай қалғанын айтты

Белгілі продюсер 10 жыл бұрын көз жұмған Руслан Бөлебайды танымай қалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер Алтынбек Рахметов осыдан 10 жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған шәкірті Руслан Бөлебайды есіне алды. Бүгін Руслан Бөлебайдың қайтқан күні. Осылайша, продюсер мәйітті қалай ата-анасына тапсырып, қатты соққы алған шәкіртінің түрін танымай қалғанын айтып берді.  

"Бүгін шәкіртім Русланның өмірмен қоштасқанына 10 жыл болды. Дәл осы уақытта мәйітін Қызылордаға жеткізген едім. Сенбегенмін! Жол апатынан кейін оны танымадым. Ата-анасы танығаннан кейін көңілім орнына түсті", - дейді Алтынбек Рахметов.

Мұны көрген желідегілер журналисті есіне алып, уақыттың қалай өткенін байқамай қалдық деп мұңайған. "Жігітке жеті өнер де аз" деп есептейтін Руслан Бөлебайды жұрт елдің маңдайына біткен жарық жұлдызы еді деп пікір жазған.

"Топырағы торқа болсын", "Жарқ етіп өшкен жұлдыз", "Уақыт зымырауда", "Көз тиді. Марқұм жан-жақты, талантты жігіт еді", "Ғұмыры қысқа болды ғой", "Жаны жәннәтта болсын", "Жанып тұрған жігіт еді. Қазақ елі қайғырды ғой. Қалған өміріңді бауырларыңа берсін", - деп жазды желідегілер.

Талқылау