Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеуде белгілі журналист Сергей Доренко қайтыс болды

Мәскеуде «Говорит Москва» радиостанциясының журналисті және бас редакторы Сергей Доренко қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Хабарламаға сүйенсек, журналист мотоциклмен келе жатқанда қаза болғанымен, жол апатынан қайтыс болған жоқ.

 «Говорит Москва» радиостанциясы да бас редактордың қайтыс болғаны туралы хабарды растады. Белгілі журналистің  қаза болғаны жайлы хабарды естіген Мәскеу қаласының әкімі Сергей Собянин де Доренконың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Талантты журналист, ештеңеге бей-жай қарамайтын жан. Сергей біздің қаламызды жақсы көрді. Ол өзі өмір сүргендей – шұғыл бұрылыста қайтыс болды. Шынымды айтсам – бірдеңе жоғалғандай сезім», - деп жазды Собянин Twitter-де.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Доренконың мотоциклмен апатқа түскенін хабарлаған еді. Алдын ала дерек бойынша, жазатайым оқиға журналистің денсаулығының кенеттен нашарлауына байланысты болған. Кейіннен, Мәскеу облыстық «360» телеарнасы мотоциклдің алдымен қалай қарсы бағытқа шығып кеткені, содан кейін құлап бара жатқаны түсірілген видеоны жариялады.

Алдын-ала болжам бойынша, журналист өткір жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған болуы мүмкін. Бірақ, Доренконың нақты неден қайтыс болғандығы сараптама жүргізілгеннен кейін ғана белгілі болмақ.


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр