Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мәскеу аруына» үйленген Малайзия патшасы тақтан түсті

Таяуда «Мәскеу аруы-2015» атағының иесі Оксана Воеводинаға үйленген Малайзия патшасы Мұхаммед V белгісіз себептермен мерзімінен бұрын тақтан түсті.

«Мәскеу аруына» үйленген Малайзия патшасы тақтан түсті

Бұл туралы «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

2016 жылы Малайзия тағына отырған Мұхаммед V патша мемлекет заңдарына сәйкес, тағы 3 жыл көлемінде монарх болып қала алар еді. Малайзияда патша сайлауы 5 жылда бір рет болады. Алайда ол мерзімінен бұрын тақтан бас тартып, өз отаны, Келантан сұлтандығына кетуді жөн көрді. Оның неліктен мұндай әрекетке барғанының себептері жарияланбады.

Мұхаммед V тақтан түсерден бұрын өзін сайлаған конференция өкілдеріне алғыс білдіріп, мемлекеттің президенті мен федералдық билікке жекелей алғыс айтты.

Бесінші Мұхаммедтің мұндай шешімі 2018 жылдың қараша айында өміріндегі болған жағдайға байланысты болуы мүмкін деген болжамдар жоқ емес. Сол кезде ол 2015 жылы «Мәскеу аруы» атанған ресейлік Оксана Воеводиновамен шаңырақ көтерген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр