Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу аруы Малайзияның экс-патшасының көзіне шөп салмағанын дәлелдемек

«Мәскеу аруы-2015» атанған Оксана Воеводина мен оның бұрынғы күйеуі, Малайзияның экс-патшасы сұлтан Келантан V Мұхаммед ортақ некедегі ұлының әкесі кім екенін сот арқылы анықтамақ.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оксана Воеводина ресейлік сотқа жүгінуді жоспарлап отыр. Бұрынғы күйеуі сол жерде ДНҚ сараптамасынан өтуі тиіс болады. Егер V Мұхаммед сот тыңдалымына келмесе немесе сараптама жасатудан бас тартса, судья оны Леон есімді ұлының биологиялық әкесі ретінде автоматты түрде танитын болады. 

Мәскеу аруы бұрынғы күйеуі өзінің талаптарын орындамағандықтан, сотқа әкелікті анықтау туралы қуыным беруді ұйғарған. Ұлыбританиялық БАҚ мәліметінше, ол сұлтаннан Мәскеуден құны 1,2 миллион фунт стерлинг (573 млн теңгеден аса) тұратын пәтер, Лондоннан 8 миллион фунт стерлингтің (3 млрд 8 млн теңгеден аса) үйін алып беруін және ортақ ұлын асырау үшін, айына 24 мың фунт стерлинг (11 млн теңгеден аса) беруін сұраған.

 «Үш рет талақ берді»: Мәскеу аруы Малайзияның бұрынғы патшасымен қалай ажырасқанын алғаш рет айтты

«Ол мені кім деп санайды? Билл Гейтс деп ойлай ма? Леон келесі жылы Итон колледжіне (Ұлыбританиядағы ұлдарға арналған жекеменшік мектеп – ред.) оқуға түскелі жатыр ма? Кішкентай балаға мұндай қомақты ақша не үшін керек?» - деп келтірді V Мұхаммедтің сөзін жанындағылар.

Сонымен қатар олар экс-патша ажырасқанға дейін жұбайына қымбат сыйлықтар сыйлағанын атап өтті. V Мұхаммед Мәскеу аруына құны 203 мың фунт стерлинг (97 млн теңгеден аса) болатын жүзікті тарту етіпті. Алайда Воеводина швейцариялық клиникадағы медициналық қызмет ақысын төлеу үшін, аталған жүзікті үш есе арзан бағаға сатуға тура келгенін айтып отыр. Ресейлік ару бұл клиникада жүкітілгін сақтау үшін жатқан еді.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қарашасында Малайзияның жоғарғы билеушісі Мұхаммед V 2015 жылы «Мәскеу аруы» сұлулығының жеңімпазы Оксана Воеводинамен үйленгені туралы хабарланған еді. Қаңтарда ол қызметінен бас тартып, Сұлтан Келантан атағын ғана сақтап қалды.

Биылғы жылдың мамыр айында Воеводина мен V Мұхаммедтің ұлы дүниеге келді. 17 шілдеде «Мәскеу аруы» ажырасқаны туралы белгілі болды.

Алайда ажырасқанын жасыруға тырысқан Воеводина жеке өміріне қатысты жақ ашпаған еді. Ол соңғы уақытта ғана жеке өміріне қатысты мәліметтерімен бөлісе бастады. Бұған дейін ол Малайзияның экс-патшасының ұлын өмірге әкелгеннен кейін күйзеліске ұшырағанын айтқан.

Артынша Воеводина бұрынғы күйеуіне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы тікұшақпен қыдыртты (видео)

Желіде олардың тікұшақта отырған сәтінің видеосы тарады

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Әлем бойынша зейнет жүйесінің рейтінгі жасалды

"Масқараға тап болдым": Алматы облысында әкім ішімдік ішіп отырғандарды қуып жіберді (видео)

Текелі қаласының әкімі: Ата-бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын?

"Еңбектеп жүріп, үріп, ұлиды": Ресейде "маугли қыз" табылды (видео)

Анасы 11 жасар қызын бір шөлмек арақ үшін сексуалдық құлдыққа сатқан

Қостанайда жарты миллион пара алған шенеунік сотталып кетті

Жер қатынастары бөлімінің басшысы 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Çàãðóçêà...